$ 442.05  474.14  4.74

Қарағандыда пара алып, өзара бөліскен жер қатынастары бөлімінің мамандары ұсталды

Артынша осы қаржыны қақ бөлісіп отырған әкімдік мамандарының да қолына кісен салынған.
фото: kaztag.kz
фото: kaztag.kz

 Қарағандыда жер қатынастары бөлімінің мамандары мен оларға пара алуға жағдай жасап отырған әйел ұсталды, деп хабарлайды «Хабар 24».

 Күдіктілер жер телімін өлшеу үшін алдына келгендерге «заңды кедергілер бар» деп кері қайтарып отырған. Ал тұрғын екінші мәрте келгенде мәселесі шешіліп отырыпты. Осы факт жемқорлыққа қарсы қызметтің назарын аудартқан. Нәтижесінде мемлекеттік қызметкер мен құжат жинап сабылғандар арасында делдал болып, мәселені 1 млн теңгеге шешіп беріп отырған көмекші ұсталды. Артынша осы қаржыны қақ бөлісіп отырған әкімдік мамандарының да қолына кісен салынған. Қазіргі уақытта күдіктілерге қатысты пара алды, ал делдалға қылмысқа ықпал етті деген айып тағылып, қылмыстық іс қозғалды. 

"Әлгі мәселені шешіп беретін «көмекшілер» өз қызметін әлеуметтік желілерде және интернет сайттарда заңгер ретінде ұсынып отырған. Бұл тіпті, арнайы қылмыстық жүйе де болуы мүмкін. Солардың салдарынан осындай делдалдар пайда болып отыр. Құжаты кері қайтарылып сабылған жұрт амалсыз келісіп отырған. Соңы осындай қылмыстық істерге әкеліп отыр. Сондықтан тұрғындарды барынша мұқият болып, заңсыз әрекеттерге бармауға шақырамыз", - деді СЖҚІҚА облыстық департамент басшысының орынбасары Асхат Оразхан.
 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары