Тараз қаласында екі жедел жәрдем көлігі соғысып, бес адам ауруханаға жеткізілді, деп хабарлады ҚазАқпарат.
Облыс орталығындағы Төле би және Қойгелді көшелерінің қиылысында екі жедел жәрдем көлігінің соғысуымен жол-көлік оқиғасы тіркелді. Бұл туралы облыстық полиция департаменті әлеуметтік желідегі парақшасында жариялады.
«Жол қиылысында қызыл жарықтан өткен біреуі екіншісін қағып кетті. Соққы салдарынан көліктердің біреуі бір жағына қарай аударылып кетті. Әр түрлі дәрежедегі жарақат алған бес адам Орталық қалалық ауруханаға жеткізілді. Тиісті сараптамалар тағайындалды», -делінген ведомство хабарламасында.