23.04.2020, 18:00

Шығыс Қазақстанда орман өртеніп жатыр

фото: 7-su.kz
Өртті сөндіруге ШҚО әкімдігінің әуе бөлімшесінің су шашатын құрылғысы бар МИ-8 тікұшағы тартылған.

 Шығыс Қазақстан облысының Бесқарағай ауданы аумағындағы «Семей орманы» мемлекеттік орман табиғи резерватында қарағайлар өртеніп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат Төтенше жағдайлар комитетіне сілтеме жасап. 

Өртті сөндіруге облыстық ТЖД мен «Семей орманы» табиғи резерватының 73 қызметкері мен 13 техникасы жұмылдырылды. Сонымен қатар қызыл жалынды ауыздықтауға МИ-2 тікұшағы мен ШҚО әкімдігінің әуе бөлімшесінің су шашатын құрылғысы бар МИ-8 тікұшағы тартылған. 

Орман өртінен елдімекендерге қауіп төніп тұрған жоқ.

Тегтер: орман өрті ШҚО