$ 498.34  519.72  4.85

Төтенше жағдай кезінде жасырын жұмыс істеген түнгі клубтың иелері жазаланды (ВИДЕО)

Әндерді орындаумен қатар, бұл мекемеге келушілерге эротикалық массажға дейін көптеген қызметтер ұсынылды.

Алматыда караоке-бар мен түнгі клубтың иелері жазаланды, деп хабарлайды Polisia.kz.

Алматы қаласының Бостандық және Әуезов аудандарында орналасқан бұл екі мекеме карантинге қарамастан жұмыс істегендігі анықталды. Тәртіп сақшылары клубтарға келген кезде ішінде адам көп болды: бір топ өзінің туған күнін атап өтті, екіншісі көптен бері кездеспегендеріне орай жиналды.

“4-ші ықшам ауданда түнгі клубтың жұмыс істеп тұрғаны туралы полицияға жергілікті тұрғындар хабарлады, осы үшін біз оларға ризашылығымызды білдіреміз. Тексеру нәтижесінде осы ойын-сауық мекемесінен біздің бөлімге 30 адам жеткізілді, олардың 6-сы қызмет көрсету персоналы. Клуб қызметкерлерінің айтуынша, мекеме, оның иесі – 1987 жылы туған Л.есімді азаматтың айтуымен жұмыс істеген. Осы барда карантин туралы естімегендей әсер қалдырды: ол жерде алкоголь ішіп, би билеп, кальян шеккен. Айтпақшы, осы факторлардың барлығы инфекцияның таралуының тікелей көзі болып табылады. Өкінішке орай, мұны барлық азаматтар біле бермейді. Бірақ карантинді сақтау шаралары, ең алдымен, олардың қауіпсіздігіне бағытталған”, – дейді, Әуезов аудандық полиция Басқармасының бастығы Әлішер Тұрсынбетов.

Бостандық ауданының полиция қызметкерлері 12 адам уақыт өткізген жұмыс істеп тұрған караоке клубты анықтады. Әндерді орындаумен қатар, бұл мекемеге келушілерге эротикалық массажға дейін көптеген қызметтер ұсынылды.

“Ұсталғандарға қатысты ҚР ӘҚбК-нің 476 бабы 6 бөлімі бойынша әкімшілік хаттамалар жасалды. Сот шешімімен олардың 9-ы әкімшілік қамауға алынды, қалғандарына 10 АЕК мөлшерінде айыппұл салынды. Біз азаматтарды, оның ішінде кәсіпкерлік субъектілерін төтенше жағдай және карантин ережелерін сондай-ақ, олардың талаптарын қатаң сақтауға шақырамыз. Әйтпесе, санитарлық-эпидемиологиялық нормаларды бұзғаны үшін әкімшілік және қылмыстық жауапкершілік қарастырылған”, – деді өз кезегінде, Бостандық аудандық полиция Басқармасының бастығы Дәурен Өтебаев.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары