Солтүстік Қазақстан облысының тұрғыны бәкі мен от тұтатқышты жұтып, облыстық аурухананың дәрігерлері жедел хирургиялық операция жасау арқылы оны аман алып қалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Бұл жайында СҚО көпбейінді ауруханасының әлеуметтік желідегі парақшасында жарияланды.
Оқыс оқиға 26 сәуір күні болған. СҚО денсаулық сақтау басқармасы баспасөз хатшысының мәліметінше, өзіне қасақана зиян келтірмек болған Уәлиханов ауданының тұрғыны санитарлық авиация арқылы Петропавл қаласына жеткізілді. Облыстық ауруханада дәрігерлер бірден операция жасап, пациенттің ішінен бөгде заттарды алып шықты.
«Уәлиханов ауданының тұрғыны қатты эмоционалды күйзеліске түсіп, салдарынан өзіне зақым келтірмек болған. Осылайша бәкі мен от тұтандыратын затты жұтқан. Пациент денсаулығына байланысты еш жерде тіркелмеген. Қазіргі уақытта жағдайы жақсы», - дейді басқарманың баспасөз хатшысы Гүлнәр Сайлау.