Қызылорда полицейлері төтенше жағдай кезінде ауызашар ұйымдастырған тәртіп бұзушыларды жауапкершілікке тартты, деп хабарлайды Polisia.kz.
Бүгінгі күні қоғамдық тәртіп пен азаматтардың қауіпсіздігін тиісті деңгейде қамтамасыз ету мақсатында қолға алынған шараларға қарамастан төтенше жағдай режимін бұзу әрекеттерге барып жатқан азаматтар саны азаяр емес.
26 сәуірде облыс орталығының тұрғыны өзінің үйінде "ауызашар" ұйымдастырып, қаланың әр түкпірінде тұратын достарын шақырған. Кешкі астан кейін кездесуді олар моншада шомылумен жалғастырған. ҚР Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы кодексінің 476-бабына сәйкес (төтенше жағдай режимiн бұзу) бес азаматқа қатысты әкімшілік хаттамалар толтырылып, жинақталған құжаттар сотқа жолданды. Сот шешімімен тәртіп бұзушыларға айыппұл салынды.