Қайғылы оқиға Қостанайда 30 сәуірде болған, деп хабарлайды «Хабар 24».
Қостанай облыстық ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, таңғы сағат 05:57-де Мичурин көшесінде жеке тұрған бір бөлмелі үйден өрт шыққаны туралы хабар келіп түскен.
Тұрғын үйде бөлме арасындағы қабырға мен еден өртенген. Ал үйге кіреберістен ер адамның денесі табылған. Өрт сөндірушілер үйден төрт газ баллонын алып шыққан. Өрт 80 шаршы метрді шарпыған.