$ 523.58  549.71  5.01

Ұлттық ұлан сарбазы өз өміріне балта шаппақ болған әйелді құтқарды

Сарбазға шапшаң қимылдауға тура келіпті.
фото: ktk.kz
фото: ktk.kz

Шығыс Қазақстан облысы Курчатов қаласында Ұлттық ұлан сарбазы суицид жасамақ болған әйелді құтқарып қалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Курчатов қаласындағы 3514 әскери бөлімнің аға сержанты Думан Боғасбаев 5 мамыр күні сағат 19:30 шамасында өз үйінің балконан қарама-қарсы орналасқан ескі үйдегі әйелді байқап қалады. Ол қираған ескі үйдің 4-қабатынан төменге секіруге оқталып тұрған екен. Бірден полицияға хабар беріп, өзі дереу сол үйге жүгірген.

 Ғимараттың артқы жағынан айналып 4-қабатқа көтерілген аға сержант, аяғының ұшымен жақындап келіп, секіруге дайындалған әйелді ішке тартып кіргізген. Оны қауіпсіз жерге шығарып алғаннан кейін, оқиға орнына полиция қызметкерлері де келген.

 «Шынымды айтсам, бұл жағдайда әйелмен сөйлесуге, қателік жасамауға шақыруға уақыт болған жоқ. Өз өміріне балта шаппай тұрғанда, шапшаң қимылдауға тура келді», - дейді Думан Боғасбаев.

Қазіргі таңда құзырлы органдар әйелді суицидке не итермелегенін анықтап жатыр


 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары