$ 494.87  520.65  4.91

Бас прокуратура саунадағы «судьялар мен прокурорлардың» видеосына қатысты пікір білдірді

Тексеру аяқталғанға дейін мерзімінен бұрын қорытынды жасамауға кеңес береміз.

Бас прокуратура "судьялар мен прокурорлардың" видеосына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Tengrinews.kz.

"Әлеуметтік желілерде және бұқаралық ақпарат құралдарында саунада судья мен прокурордың түсірілген бейнежазба таралып жатыр. Осы дерек бойынша Бас прокуратураның Ішкі тергеп тексеру департаменті тексеріс жүргізіп жатыр. Тексеру аяқталғанға дейін мерзімінен бұрын қорытынды жасамауға кеңес береміз. Оның нәтижелері көпшілікке жеткізіледі", - деді Бас прокуратурадағылар.

Тағы оқи отырыңыз: «Міне, мынау – соттың төрағасы!»: өздерін «ОПГшники» деп атаған бір топ адам саунада демалуда (ВИДЕО)

Еске салайық, мұның алдында желіде "судьялар мен прокурорлардың" видеосы тараған еді.

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары