$ 494.87  520.65  4.91

«Міне, мынау – соттың төрағасы!»: өздерін «ОПГшники» деп атаған бір топ адам саунада демалуда (ВИДЕО)

Сөз соңында: «Осындай кішігірім бір банямыз бар енді. Колхозда тұрсақ та умеем нормально отдыхат. Да, Сәке?» - деп, сөзінің растығын қонағына құптатып қойды.

Желі белсендісі Төртуыл Шоқан facebook парақшасына құзырлы орган өкілдерінің жалаңаштанып саунада жүрген видеосын жариялады, деп жазады Skifnes.kz ақпарат порталы.

«Баня/саунаға бәріміз барамыз ғой, құрысын. Әнебір «главная комнатаны» да білеміз. Бірақ, құзырлы орган қызметкерлері өздерін неге «ОПГ-организованная преступная группировка » деп атайды? Билікті дискредитировать етіп тұрған жоқ па? Бұл енді карантин кезінде болса, тіптен масқара тірлік екен», - дейді жазба авторы.

Ал видеода терлеп-тепшіп, орысша-қазақша араластырып сөйлеп жүрген адам айналасын түгел таныстыруда.

«Жігіттер, ОПГшники! Сегодня ко мне приехал мой брат Саян с Жаркента и мы отдыхаем. Жаңа ішіп-жедік. Енді баняма алып келдім. Вот, менің баням! Міне, мынау – соттың төрағасы! Көрдің бе, мына жағында охотнический-мохотнический жасағанбыз бір...

ОПГшники, вы только в астане, в Алмате... не думаете, только вы отдыхаете. Мы тоже какой-то... отдыхаем. У нас тоже комната... которы бы все ОПГшники любят. Хорошая комната. Самый главный в сауне – этот комната», - деп бәріне шала-шарпы тоқталып өткен ол, әрі қарай массаж жасайтын бөлмені, буланатын, шомылатын, тамақтанатын орындарын көрсетіп кетті.

Сөз соңында: «Осындай кішігірім бір банямыз бар енді. Колхозда тұрсақ та умеем нормально отдыхат. Да, Сәке?» - деп, сөзінің растығын қонағына құптатып қойды.

Видеоны көрген көпшілік «Кетті ғой... Сау басына сақина тілеген... Бұлардың бұндай екенін бәрі біледі. Жемқорлар билеген заманда осындай «қарындылар» (ОПГ) болуы – заңдылық», «Ай, сорлайтын болды өздері! Видеоға түсіріп несі бар?», «Ертең еңіреп тұрмасын, кешірім сұрап. Мені моншаға алдап шақырды, мен білмедім, алаяқтар алдады деп», «Смартфон мой – враг мой деген осы», «Парнойға кірмей-ақ теріңіз шығады енді, комната допроста», «Карантин кезінде өлетін бала саунаға қашады» дегендей пікірлер қалдырып жатыр.

Сонымен қатар, белгілі құқық қорғаушы Абзал Құспан да: «Көкек өз атын өзі шақырады» демей ме, ОПГ деп дұрыс айтады, негізі...», - деп отыр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары