$ 498.34  519.72  4.85

«Басымызды иіп...»: Алматы әкімдігі ардагерден кешірім сұрады (ВИДЕО)

Қария бос саябаққа кіргізетін шығар деп үміттенсе де, полиция қызметкерлері міз бақпады.
фото: azattyq.org
фото: azattyq.org

Алматы әкімдігінің өкілдері ардагерден үйіне барып кешірім сұрады, деп хабарлайды Sputniknews.kz

Себебі, әкімдіктегілер ардагерге мемориал ескерткішке гүл қоюға рұқсат бермеген екен.  Ал Мемориал 28 гвардияшы-панфиловшылар атындағы саябақта орналасқан. Қазақстанда карантинге байланысты саябақтар жабық болғандықтан, гүл шоқтарын қоюға келген ардагерді Мәңгілік алауға кіргізбепті.

Қария бос саябаққа кіргізетін шығар деп үміттенсе де, полиция қызметкерлері міз бақпады. Видео әлеуметтік желілерде кең тарап, резонанс туғызды.

Кейінірек әкімдік өкілдері ардагердің үйіне келіп, кешірім сұрады. Содан соң қарияны мемориалға апарды.

"Кінәліміз әрине, басымызды иіп кешірім сұраймыз. Бұл коронавирусқа байланысты енгізілген карантинмен байланысты", - деді Алматы қоғамдық даму басқармасы басшысының орынбасары Айдар Есенбеков.

Кешірім сұраған видеоны Алматы әкімінің баспасөз қызметі таратты.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары