$ 494.87  520.65  4.91

Бюджет қаражатынан 16 млн теңге жымқырған әскери қызметкерге сот үкім шығарды

Алғашында сот күдіктіні кінәлі емес деп таныпты.
Фото:  112 Украина
Фото: 112 Украина

Шығыс Қазақстан облысында 16 миллион теңгені заңсыз иеленген әскери қызметкер 4 жылға сотталды, деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Семей гарнизонының әскери сотында әскери қызметкерге қатысты қылмыстық іс қаралды. Ол орталықтандырылған есепке алу бөлімінің қаржылық қызметінің басшысы қызметінде 1,5 жылға жуық уақыт аралығында әскери бөлімнің кассасынан бюджет қаражатын жымқырып отырған.

"Сот әскери қызметкердің 2018 жылдың қаңтарынан бастап, 2019 жылдың 31 қазанына дейін әскери бөлімнің кассасынан бюджет қаражатын әскери қызметкерлердің карта есепшоттарына заңсыз аударып, мемлекет қаржысын жымқырғанын анықтады. Салдарынан әскери бөлімнің қаржылық қызметінде 16 миллион 97 мың 835 теңгеге тапшылық пайда болған", - делінген Семей гарнизоны әскери сотының хабарламасында.

Алғашында сот күдіктіні кінәлі емес деп таныпты. Кейін сот әскери қызметкерді ҚР Қылмыстық кодексінің 189-бабы 4-тармағы 2 пунктіне сәйкес кінәлі деп танып, оны өмір бойына мемлекеттік қызметте жауапты және басқарушы лауазымдарын атқару құқығынан, 4 жылға бас бостандығынан айыру туралы үкім шығарды.

Сондай-ақ, айыпталушы "капитан" шенінен айрылды. Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары