$ 498.34  519.72  4.85

Ақтауда бір топ адам полиция басқармасынан бір-ақ шықты (ВИДЕО)

Роликтен тәртіп сақшылары ер адамдарды үйден шығарып, полицияның "ГАЗеліне" отырғызып жатқанын көруге болады.

Ақтауда бір топ адамның ұсталған сәті видеоға түсірілді, деп хабарлайды Tengrinews.kz, "Ладаға" сілтеме жасап.

Куәгерлердің айтуынша, оқиға 12 мамырда 5 шағын ауданда шамамен сағат 20.30-да болған. Ақтау тұрғындары полиция көліктерінің бір жерге жиналып қалғанын камераға түсірген.

Роликтен тәртіп сақшылары ер адамдарды үйден шығарып, полицияның "ГАЗеліне" отырғызып жатқанын көруге болады. Куәгерлердің сөзінше, 15-ке жуық адам тұтқындалған.

Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.

Маңғыстау облысы Полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарына қарағанда, 12 мамырда Ақтау полиция басқармасының "102" нөміріне қоңырау түскен және 5 шағын аудандағы 4 үйде бір топ жас (10 адамнан көп) жиналғаны айтылған. Сол қоңырау бойынша Ақтау қаласы ПД патрульдік полиция батальоны шыққан.

"Оқиға орнында ұсталғандар Ақтау полиция басқармасына мәселенің мән-жайын анықтау үшін жеткізілді. Тұрғындарға үш адамнан көп болып, топтасып жиналуға тыйым салынатынын ескертеміз", - деп атап өтті ведомствоның баспасөз қызметіндегілер.
 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары