$ 445.66  474.58  4.78

Қостанай облысында адам сүйегі салынған қап табылды

Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстары басталып, сараптама тағайындалған.
фото: pixabay.com
фото: pixabay.com

Қостанай облысы Қарабалық ауданында адам сүйегі салынған қап табылды. Бұл ақпаратты Қостанай облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі растап отыр деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы жергілікті Alau.kz сайтына сілтеме жасап.

Ведомство мәліметінше, 26 сәуір күні Қарабалық ауданы полиция бөлімінің учаскелік полиция инспекторының телефонына Белоглинка ауылының тұрғыны қоңырау шалған. Ол кісі тұрмайтын үйді жинау кезінде адам сүйектері салынған қап табылғанын жеткізген. Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстары басталып, сараптама тағайындалған.

Болжам бойынша мәйіттің қалдықтары 1982 жылы туған жергілікті тұрғынға тиесілі, ол 2014 жылдың қарашасында хабар-ошарсыз кеткен. 

 Еске сала кетсек, бұған дейін таныс жігіт өзіне қол көтергенін айтқан қостанайлық аурдың жанайқайын жазған едік. Полиция аталмыш факті бойынша ҚР ҚК 121-бабымен ("Жыныстық сипаттағы күш қолдану әрекеттері") сотқа дейінгі тергеуді бастағанын, қылмыстық істі тергеу Қостанай облысы полиция департаменті тергеу басқармасына жүктелгенін жеткізген еді. Сонымен қатар, аталған оқиғаның қатысушылары ТЖ режимін бұзуғаны үшін әкімшілік жауапқа тартылғанын мәлімдеген. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары