Оқиғалар 13.05.2020 сағат 14:20

Күйеуі балтамен ұрған әйелдің бір көзі соқыр болып қалды

Әйелге психологиялық көмек қажет.
Күйеуі балтамен ұрған әйелдің бір көзі соқыр болып қалды
фото: otyrar.kz
Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Дәрігерлер күйеуі балтамен ұрған Түркістан облысындағы әйелдің қазіргі жағдайы туралы айтып берді. Мамандардың сөзіне сүйінсек, алған жарақаттарының салдарынан әйелдің бір көзі көрмей қалған, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы, Otyrar.kz-ке сілтеме жасап. 

"Әйелдің жағдайы қанағаттанарлық. Ол қазір Келес ауданында орналасқан аурухананың травматология бөлімінде жатыр. Әйел бірнеше жерінен жарақаттанған, қолындағы жарақаты ауыр, басы және көзі зақымданған. Бір көзі енді көрмейді. Әйелге психологиялық көмек қажет. Бүгінгі таңда ол дәрігерлердің бақылауында", - деді Түркістан облысы қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

Естеріңізде, болса, бұдан біраз уақыт бұрын 50 жастағы еркек 46 жастағы әйелдің басынан балтамен ұрғаны жайлы ақпарат тараған еді. Осы оқиға барысында жәбірленушінің жанайқайынан соң, оған көмектесуге келген екі жігітті көрген күдікті қашып кеткен. Әйел көп қан жоғалтқан, денесіндегі жарақаттарының ауыр болғаны соншалық, оған операция жасауға жарты күн уақыт кетіпті, тіпті, басқа аудандардан дәрігерлер шақыртылыпты. 

Оқиға болған көшеде бейнебақылау камералары бар көрінеді. Алайда сол күні олар жұмыс істемей тұрыпты. 
 

Оқи отырыңыз

загрузка...

Соңғы жаңалықтар

Аптасына бір рет ең танымал мақалалардың дайджесін жібереміз

Қызықты материалдар