Қарағанды қаласының тұрғыны 180 млн. астам қаражатты қолма-қол ақшаға айналдыру бойынша заңсыз әрекеттерді жасауға көмектескені үшін сотталды, деп хабарлайды zakon.kz ҚР ҚМ ҚМК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
ҚР ҚМ Қаржы мониторингі комитеті Қарағанды облысы бойынша Экономика тергеу департаменті іс жүзінде жұмыстар орындалмай, қызметтер көрсетілмей, тауарлар тиеп-жөнелтілмей шот-фактураны жалпы сомасы 189,4 млн теңгеге жазып шығару бойынша қылмыстық істі жасауға жәрдемдесу әрекетінің жолын кесті.
Жеке кәсіпкерлік субъектісіне көмектескені үшін Қарағанды қаласының тұрғынына 18 млн теңге ақшалай сыйақы уәде берілген.
Одан басқа, өзара есеп айырысу және тиісті салық декларацияларын тапсыру кезіндегі бюджетке қосымша есептеліп, төленетін жалпы салық сомасы 54,1 млн теңгені құрады.
Қазыбек би аудандық сотының үкімімен кінәлі тұлғаға пробациялық бақылау орната отырып, 1 жыл 6 айға бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалды.