$ 494.87  520.65  4.91

Боди-массажға барған полицей салон қызметкерлерінің үстінен арызданды

Адвокаттың айтуынша, бұл салон карантин ережесін бұзғаны үшін екі рет әкімшілік жауапкершілікке тартылған.

Алматыда боди-массаж салонында жүрген полицей салон қызметкерлерінің үстінен арыз қалдырды, деп хабарлайды "Астана" телеарнасына сілтеме жасаған Skifnews.kz ақпарат порталы.

Телеарна мәліметінше, осыған дейін полицейдің боди-массажда жүрген видеосы тараған еді. Видео кадрларынан полицейдің қызметтік куәлігін көруге болады. Осыдан соң оған тіпті зорлық жасады деген айып тағылған болатын. Ал таяуда ол салон карантин ережесін бұзғаны үшін жабылған еді.

Енді экс-полицейдің айтуынша, біреулер оған жамандық жасамақшы. Сондықтан адвокат жалдадым дейді. Адвокаттың айтуынша, ер адам салонға келгенде онда интим массаж жасалатынын білген, сол кезде ол қызметтен бас тартып, ақшаны қайтаруын сұраған.

Бұдан бөлек, салондағылар ол жаққа тексеріс келіп қалған жағдайда видеоға түсіп қалған полицейге видеоны көрсетеміз деп қорқытқан екен.

Адвокаттың айтуынша, бұл салон карантин ережесін бұзғаны үшін екі рет әкімшілік жауапкершілікке тартылған. Телеарнадағылардың мәліметінше, экс-полицей массаж жасайтындардың үстінен арыз түсірген, қазір тағы бір тергеу жұмыстары жүріп жатыр.

Салон қызметкерлерінің кінәсі дәлелденсе, олар 4 жылға дейін бас бостандығынан айрылуы мүмкін екен.

Естеріңізге сала кетейік, боди-массаж салонына барған полицейдің мемлекеттік қызмет туралы этикалық кодексті бұзғаны үшін жұмысынан шығарылғанын жазған болатынбыз.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары