$ 447.4  477.55  4.76

Желіде Шымкенттегі моншаның опырылған сәті түсірілген ВИДЕО тарап жатыр

Монша жеке үйдің аумағында орналасқан.
фото: видеодан скриншот
фото: видеодан скриншот

Шымкент қаласының Откормсовхоз елдімекенінде тұрғын үй аумағында салынған монша өзенге опырылып түсті, деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Шымкенттегі Еңбекші ауданында Откормсовхо елді мекені бар. Онда 14 мамыр күні Бадам өзенінің сол жағалауында су тасып, шаруашылық құрылыстар қирады. Монша жеке үйдің аумағында орналасқан.

"Бұған дейін күндіз су арнасынан асып, жағалауды шайған кезде, біз орға жақын орналасқан үйлердегі қауіп-қатерді байқап, 14 мамырға қараған түні 31 адамды эвакуацияладық. Барлығының баратын жері, туысы болды. Ешкім зардап шеккен жоқ", - деп хабарлады Шымкент қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.

Сондай-ақ, ТЖД мәліметі бойынша, бір тұрғын үй жартылай опырылып қалған.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары