Карантин кесірінен Қостанайда қалып қойған трансгендер-бойжеткенді кеше кешке қалалық полиция департаментіне шақыртып, оған қандай жаза қолданатыны жөнінде шешім қабылданды. Ол желіде күзет қызметкерлері оны шашынан сүйреп тасыған видеоның "арқасында" танымал болды, деп жазады KAZ.NUR.KZ.
Полицияда құжат бойынша жігіт болып шыққан трансгендерді Қылмыстық кодекстің бірінші бөлімі, 252-бабы "Жеке күзет қызметі қызметкерлерінің өз өкілеттігін асыра пайдалану" бойынша қозғалған іс аясында жәбірленуші ретінде таныған. Оның есімі - Серік екен.
Іс "Арыстан" күзет фирмасының екі қызметкеріне қатысты қарастырылып жатыр. Тергеушіге жауап бергенннен кейін Серікке әкімшілік материал құрастырған полиция бөлімшесіне баруды айтқан.
"Хаттама ӘҚБК 449 бабы "қоғамдық орындарда тиісу" бойынша құрылған. Жігітке ескерту жасалынды. Дегенмен, Серік өзіне тағылған құқықбұзушылыққа қатысты кінәсін мойындағанымен құжатқа шағым түсіруге ниетті емес екенін білдірді. Себебі, тағы да жұртқа жария болып кеткенін қаламайды" , - деді құқыққорғаушы Александра Сергазинова.
Қазіргі таңда трансгендер көшеге де шыққысы келмейді. Себебі, көбісі оны танып қоятын болған. Ер адам әлі де бұл қақтығыс өзінің гендерлік таңдауына байланысты басталды деп есептейді.
Тағы оқи отырыңыз: «Қызды» шашынан сүйреп, көлікке отырғызған 2 күзетшінің әрекеті ВИДЕОға түсіп қалды
Естеріңізе сала кетейік, күні кеше Қостанайда күзет қызметкерлері мен бойжеткеннің арасындағы қақтығыстың видеосы тарап кеткен болатын. Ер адамдар аруды шашынан сүйреп тасыған. Алайда, кейіннен белгілі болғандай, ол шын мәнінде жігіт болып шыққан.