$ 448.15  483.46  4.86

Алматыда ірі тұрғын үй кешенінен өрт шықты (ВИДЕО)

55 адам эвакуацияланды.
фото: pixabay.com
фото: pixabay.com

Алматыдағы көп қабатты үйден өрт шықты. Қалалық төтенше жағдайлар департаментінің хабарлауынша, пәтерлердің біріндегі жиһаз бен заттар өртенген. Өрттен ешкім зардап шеккен жоқ, деп хабарлайды Sputniknews.kz.

Оқиға 16 мамырға қараған түні Абай даңғылы, 150 мекенжайында, 17-қабаттық "Гауһартас" тұрғын үй кешенінде болған. Жалпы аумағы 30 шаршы метрлік 11-қабаттағы пәтерде жиһаз бен заттар өртенді.  

"55 адам эвакуацияланды. Үйдің жабыны жарым-жартылай құлады. Құрбан болғандар мен зардап шеккендер жоқ", - делінген ТЖД таратқан хабарламада.

Төтенше жағдайлар департаменті тұрғын үй кешенінің жанында тұрған көліктер техникаға өрт шыққан жерге жетуге кедергі келтіргенін атап өтті.

"Егер жолды тез арада босатқан "109" құтқару қызметінің эвакуаторлары келмегенде, адам шығыны немесе зардап шеккендер болуы мүмкін еді. Жедел қызметтердің өтуіне кедергі жасамауды сұраймыз. Адам өмірі осыған байланысты", - деп департамент өкілі.

Өрт сөндірушілер жалынды сағат 00:22-де сөндірді. Өртті жеке құрамның 70 адамы, 18 арнайы техника, сондай-ақ Бостандық ауданы полиция басқармасының қызметкерлері сөндірді.  

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары