Қарулы Күштерде "Оңтүстік" өңірлік қолбасшылығына қарасты әскери бөлімдердің бірінде болған әскерилердің індет жұқтыруына қатысты тергеу аяқталды. Бұл туралы Skifnews.kz ақпарат порталы, Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.
"Тергеу барысында Тараз гарнизонының 10-нан астам әскери қызметшісінің жаппай ауруға шалдығуына әкеп соқтырған жағдайлар анықталды. Оған бөлімнің басшылығы мен медициналық қызмет тарапынан алдын-алу шаралары толыққанды ұйымдастырылмағаны және бақылаудың жоқтығы себеп болды.
Қорғаныс министрлігінің басшылығымен жауапты лауазымды тұлғаларға қатысты қатаң шаралар қабылданды. Әскери бөлім және медициналық қызмет қолбасшылығы, сондай-ақ «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының бөлімшелерін тылдық қамтамасыз етумен айналысатын бірқатар офицерлер тәртіптік жауапкершілікке тартылды", - делінген ресми хабарламада.
Әскери басшылықпен Қарулы Күштердің әскери бөлімдері мен мекемелерінде коронавирустың таралуына жол бермеу жөнінде қосымша шаралар қабылдауды, алдағы уақытта осындай жағдайларға жол бермеу үшін олардың сақталуына қатаң бақылауды қамтамасыз ету тапсырылды.