Шыңжаң-Ұйғыр автономды ауданында Черчен-Лоп-Нур тас жолы салынып жатыр, деп хабарлайды Baq.kz.
Құрылысшылар қазір Черчен ауылы маңындағы шөлді жерге келген.
Синьхуа агенттігінің мәліметінше, жолдың құрылыс жұмыстары аяқталуға жақын қалған. Құрылысшылар қазір үйілген дала құмын күреп, жол ашып жатыр.
"Үйілген құмның биіктігі 70 метр. Құрылысшылар 1,2 млн шаршы метр құмды күреп, тасулары керек. Бұл жұмысты аяқтау үшін 3 ай уақыт керек", - деп жазды агенттік.
Лоп-Нур – Черчен шөлді аймақтағы тас жолдың ұзақтығы 330 шақырымды құрайды. Бұл Такла-Мақан шөлін солтүстіктен оңтүстікке жалғайтын үшінші магистраль.