$ 449.58  486.94  4.86

Атырауда полиция полковнигі 30 мың теңге үшін шенінен айрылды

Мемлекеттік қызметте қызмет ету құқығынан өмір бойына айырылды.
фото: 7kun.kz
фото: 7kun.kz

Сот пара алды деп айыпталған полиция полковнигіне қатысты үкім шығарды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы, ATPress.kz-ке сілтеме жасап. 

Естеріңізде болса, 17 наурызда сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет жедел уәкілдері пара алғаны үшін Атырау облысының полиция департаментінің подполковнигін ұстаған. Тергеушілердің мәліметінше, ол аң аулау қаруын сақтауға және оны алып жүруге рұқсатты жеделдетіп бергені үшін 30 мың теңге көлемінде пара алған.

 Ақпараттық ресурстың №2 қалалық сотына жолдаған сұрағына берген жауабынша, полиция қызметкері кінәлі деп танылған. Параның 20 еселенген мөлшерінде айыппұл салынғаны (600 мың теңге) айтылған. Оған қоса, ол подполковник шенінен және мемлекеттік қызметте қызмет ету құқығынан өмір бойына айырылды. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары