Оқиғалар 19.05.2020 сағат 17:00

Солтүстік Қазақстанда балықтар қырылып қалды

Баспасөз хатшының хабарлауынша, мамандар зертханалық зерттеулер жүргізу үшін су мен балықтардың сынамаларын іріктеп алды.
Солтүстік Қазақстанда балықтар қырылып қалды
фото: facebook.com/s.dildakhmet
Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

 Кеше Солтүстік Қазақстан облыстық Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының мемлекеттік инспекторлары Солтүстік Қазақстан облысындағы Питное көлінде балықтардың қырылу фактісін анықтады, деп хабарлайды Baq.kz.

Бұл туралы Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің баспасөз хатшысы Сәкен Ділдахмет Facebook-тегі парақшасында жазды. 

Инспекция мамандары жергілікті атқарушы органдардың, экология департаментінің және "Балық шаруашылығы ҒӨО" ЖШС филиалымен бірлесіп осы су айдынына тексеру жүргізді. Жиналған балық саны (мөңке түрлі құрамы) 500 кг құрады, - деп жазды ол.

Баспасөз хатшының хабарлауынша, мамандар зертханалық зерттеулер жүргізу үшін су мен балықтардың сынамаларын іріктеп алды.

Балықтардың қырылу себебі туралы ақпарат зертханалық зерттеулердің нәтижелері ұсынылғаннан кейін қосымша хабарланады.
 

Оқи отырыңыз

загрузка...

Соңғы жаңалықтар

Аптасына бір рет ең танымал мақалалардың дайджесін жібереміз

Қызықты материалдар