20.05.2020, 11:40

Павлодарда ыстық су құбыры жарылып, фонтаннан су атқылауда ВИДЕО)

Олардың айтуынша, ыстық су 45 градустан аспаған.

Павлодарда ыстық су құбыры жарылып, фонтаннан су атқылап жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Қамзин мен Малайсары көшелерінің қиылысында орналасқан су құбыры жарылған. Видеоны Instagram желісіне куәгерлер жариялаған.

"Павлодарэнерго" АҚ баспасөз қызметінің мәліметінше, гидравликалық сынақтар жүргізу салдарынан осындай төтенше жағдай болған.

"15-24 мамыр аралығында Павлодардың оңтүстік бөлігінде жоспарланған гидравликалық сынақтар жүргізіліп жатыр. Салдарынан көшедегі құбырларға қысым түскен. Оқиға орнына "Павлодар жылу желісі" ЖШС апат бригадасы барды", - деді компаниядағылар.

Олардың айтуынша, ыстық су 45 градустан аспаған. Төтенше жағдайдан ешкім зардап шеккен жоқ.