$ 494.87  520.65  4.91

ҰҚК жасырын есірткі зертханасының былығын әшкереледі (ВИДЕО)

Сотқа дейінгі тергеу жалғасуда.

Ұлттық қауіпсіздік комитеті жасырын тергеу жүргізудің нәтижесінде есірткі сатуды ұйымдастырған адамды ұстады. Бұл туралы Skifnews.kz ақпарат порталы, ҰҚК-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

2020 жылғы 13 мамырда ҰҚК Нұр-Сұлтан қаласы бойынша департаменті жасырын тергеу іс-қимылдарын жүргізу кезінде уақытша тұрғылықты жерінде синтетикалық есірткі жасауды және оларды «қойылма» деп аталатын жолмен сатуды ұйымдастырған «С» деген ҚР азаматын ұстады.

 "Жасырын есірткі зертханасында тінту нәтижесінде шамамен 2 кг «A-PVP» синтетикалық есірткісі («қара нарықтағы» құны шамамен 34 млн теңгені құрайды), орау материалдары, шыны құтылар, магнитті араластырғыш, сорғылар, түтікшелер, шыны цилиндрлер, респираторлық бетперделер, электрондық таразы, 2 кг реагент, 40 литр әртүрлі прекурсор және зертханалық жағдайда психотроптық заттар жасау кезінде қолданылатын өзге де бұйымдар алынды", - делінген ресми хабарламада.

 «С» деген азамат ҚР ҚІК 128-бабының тәртібінде Нұр-Сұлтан қаласы ПД УҰИ-ға қамалды. Сотқа дейінгі тергеу жалғасуда.
 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#есірткі #ҰҚК