$ 439.43  473.31  4.82

Танысының көлігін өртеп жіберген қаскөйдің әрекеті ВИДЕОға түсіп қалды

Оқиға орнына барған полицейлер қолғап пен бензин құйылған бес литрлік бөтелкені тапқан.

Өскеменде ер адам танысының көлігін өртеп жіберген, деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Бұл оқиға 12 ақпанда Назарбаев көшесінде болған. Өртеніп кеткен Toyota Corolla көлігінің 28 жастағы қызға тиесілі екені анықталды. Сондай-ақ, осы көліктің маңында тұрған Subaru-ның алдыңғы жағының бүлінгені белгілі болды.

Оқиға орнына барған полицейлер қолғап пен бензин құйылған бес литрлік бөтелкені тапқан. Өскемен қаласы Полиция басқармасының мәліметінше, ер адам "Сергек" камерасына түсіп қалған. Оның 33 жаста екені анықталды, осыған дейін сотты болған.

Ер адам қазір тергеу изоляторында, ҚР Қылмыстық кодексінің 202-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр. Полициядағылар күдікті мен зардап шеккен қыздың танысы екендігін айтты.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары