Оқиғалар 21.05.2020 сағат 15:20

Оралда заңсыз киік атқандар ұсталды (ВИДЕО)

Қазіргі уақытта бұл ұсталған адамдардың осыған ұқсас басқа да қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр.
Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Ішкі істер министрлігі Криминалдық полиция департаментінің және Батыс Қазақстан облысы Полиция департаментінің қызметкерлері Орал қаласының және Жаңақала ауданының аумағында арнайы операция жүргізді, деп хабарлайды Polisia.kz.

18 мамырда операция барысында киікті атуға және олардың дериваттарының заңсыз айналымына қатысы бар деген күдікпен облыстың 1986, 1985, 1975, 1970 жылы туған төрт тұрғынын ұстады.

Күдікті адамдардың тұратын жерлерін тексеру барысында 434 дана киік мүйізі, сондай-ақ екі автомашина, бес аңшы мылтығы, 150-ден астам калибрі әр түрлі оқ-дәрілер, түнде көруге арналған аспаптар, GPS навигаторы және шамамен 1 млн. теңге көлемінде ақша табылып, тәркіленді.

Қазіргі уақытта бұл ұсталған адамдардың осыған ұқсас басқа да қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр.

Күдіктілерге қатысты Қылмыстық кодекстің 339-бабы 1-тармағы 1-бөлігі (киікті заңсыз қолға түсіру, жою, сол сияқты заңсыз қолға түсірілген киікті немесе оның дериваттарын, оның ішінде мүйіздерін иемдену, сақтау, өткізу, әкелу, әкету, жөнелту, тасымалдау) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр.

Оқи отырыңыз

загрузка...

Соңғы жаңалықтар

Аптасына бір рет ең танымал мақалалардың дайджесін жібереміз

Қызықты материалдар