Оқиғалар 23.05.2020 сағат 12:15

Қарағандыда «Сұрыптау» стансасынан өрт шықты

Өрттің гараждарға таралу қаупі туындаған.
Қарағандыда «Сұрыптау» стансасынан өрт шықты
Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Қарағанды қаласының «Сұрыптау» стансасында 12 өрт сөндіруші және екі арнайы техника тілсіз жаумен күресті. Жеке үйдің жанындағы қораның шатыры жанып кетті, өрт жақын тұрған нысандарға таралмады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

22 мамыр күні сағат 12:29-да «101» желісіне «Сұрыптау» стансасындағы өрт шыққаны туралы хабар келіп түсті. 
Өрт сөндіру бөлімшелері сағат 12:38-те келіп жеткен кезде шаруашылық құрылыстар блогында ағаш қора жанып жатқан. Жалынға оранған қораның шатыры құлаған. Өрттің гараждарға таралу қаупі туындаған.

«Өрт сөндіру барысында қордана 4 газ баллоны шығарылды. Сағат 13: 31-де өрт сөндірушілер гараждарға оттың таралуына жол бермей, жалынды толығымен сөндірді», - деп хабарлады Қарағанды облысы ТЖД баспасөз қызметі. 
Өртті сөндіруге Қарағанды облысы ТЖД №12 (Сұрыптау) және №7 (Майқұдық) өрт сөндіру бөлімдерінің жеке құрамынан 12 адам және 2 техника жұмылдырылды.
 

Оқи отырыңыз

загрузка...

Соңғы жаңалықтар

Аптасына бір рет ең танымал мақалалардың дайджесін жібереміз

Қызықты материалдар