$ 494.87  520.65  4.91

Әжетханадан депутаттың мәйіті табылды

Тәртіп сақшылары сол ғимараттан атыс қаруын тауып алған.
фото: pixabay.com
фото: pixabay.com

Киевте халық депутаты Валерий Давиденконың мәйіті табылды. Ол парламенттегі "Доверие" тобының мүшесі болған, деп хабарлайды Strana.uа.

Давиденко Киевтің дәл орталығында - Бессарабия базарының жанындағы ғимаратта көз жұмған. Алдын ала мәліметтер бойынша, бұл - суицид. Бірақ әзірге тергеудің ресми қорытындылары жоқ. "Страна" хабарлағандай, жарақаттанған депутаттың денесін тазалықшы әйел тауып алған. 

Депутаттың өлімі туралы алғашқы хабарды «Оппозициялық платформа - өмір үшін» партиясының депутаты Илья Кива facebook-те жариялады.

фото: gazeta.ru

Мәйіттің жанынан тапанша табылған. Құқық қорғау органдары ол өзін-өзі өлтірген бе, жоқ па соны анықтайтын болады. 

 Экс-депутат Игорь Мосийчук кісі өлімі болған жерден сурет жариялады. Ол кісі өлімінің өзін-өзі өлтіру әрекетіне ұқсайтынын айтты. Сондай-ақ "мәйітті әжетханадан тапты, оң жақ жекесінде жарақат бар", - деді ол.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары