9 жастағы бала қостанайлық өзенге батып кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Облыстық ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, оқиға 23 мамыр күні Науырзым ауданының Қожа ауылында болған.
«Сағат 15.00 шамасында арнайы жабдықталмаған жерде 9 жастағы бала суға батып кетті. Қазіргі мәлімет бойынша, ол ауылдың шетіндегі жасанды су қоймасы маңында ойнап жүріп, сәлден соң суға түскен. Қалған мәліметтер анықталып жатыр», - делінген ведомствоның баспасөз хабарламасында.
Құтқарушылар ата-аналарға балаларын қараусыз қалдырмауды, өзенге, су қоймаларына жалғыз жібермеу керектігін ескертеді.