$ 494.87  520.65  4.91

Елімізде биыл жыл басынан бері 48 адам суға кеткен

«Әсіресе, Ақмола, Ақтөбе мен Түркістан облыстарында көрсеткіш жоғары», - деді Беккер.
фото: ernur.kz
фото: ernur.kz

Қазақстанда жыл басынан бері 48 адам суға кетті. Олардың 16-сы – балалар. Бұл туралы арнайы брифингте Төтенше жағдайлар комитетінің төрағасы Владимир Беккер айтты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Өткен жылы шомылу маусымында 268 адам суға батып кетті. Оның шамамен үштен бір бөлігі – балалар. Мәселен, өткен аптаның өзінде елімізде 10 адам суға батса, оның үшеуі – бала. Әсіресе, Ақмола, Ақтөбе мен Түркістан облыстарында көрсеткіш жоғары», - деді Беккер.

Айта кетерлігі, елімізде 100-ден астам қалалық және 500-ге жуық жеке жағажай бар. Ал суға түсуге тыйым салынған орындар саны 2 мыңнан асады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары