$ 447.4  477.55  4.76

Алматыда кәсіпорындардың бірінде жарылыс болды (ВИДЕО)

Алдын ала мәліметке сәйкес, жиһаз құрастыратын цех өртеніп жатыр.

Алматыда кәсіпорындардың бірінде өрт тұтанып, жарылыс болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Әуезов ауданы Мұстай Кәрім, 1 б/3 мекенжайында өрт болып жатқаны туралы хабар түсті. Алматы қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің жеке құрамы мен құралдары жоғары деңгей бойынша жұмыс атқаруда. 

Алдын ала мәліметке сәйкес, жиһаз құрастыратын цех өртеніп жатыр. Жарылыс болды. Себептері анықталуда», - деді Алматы қалалық ТЖД-дан. 

Кейін жалынның таралуы тоқтатылғаны туралы мәлім етілді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары