$ 444.22  476.38  4.82

Қызылордада полиция полковнигі пара алу кезінде ұсталып қалды

Қазір осы фактіге сәйкес тергеу жұмыстары басталған.
фото: inform.kz
фото: inform.kz

Алтын Балмағанбетова есімді facebook "Қызылорда облысының ЖПҚБ-ның полиция подполковнигі пара алу үстінде ұсталған ба?" деген сұрақты жауапты орган тарапына қарата қойған болатын. Жауаптылар шенді қызметкердің пара алу фактісіне қатысты ақпаратты жоққа шығармады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы. 

"23.05.2020 жылы Қызылорда облысы бойынша сыбайлас жемқорлықпен күрес департаменті Қызылорда облысы Полиция департаментінің Өзіндік қауіпсіздік басқармасының қызметкерлерімен бірлескен жедел шаралар барысында Қызылорда қаласының тұрғынынан пара алу үстінде Жергілікті полиция қызметі басқармасының аға инспекторы, полиция подполковнигі ұсталды.

Аталған дерек бойынша Өзіндік қауіпсіздік басқармасымен қызметтік тергеу басталды", - делінген ресми органның әлеуметтік желідегі парақшасы арқылы жазылған хабарламада. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары