$ 443.37  474.49  4.83

Ерлі-зайыптылар жаңа туған сәбиін тірідей жерлеп тастады

Емханада жаңа туған нәрестеге арналған ота бөлімі болмағандықтан, дәрігерлер оның ата-анасына жеке клиникаға баруды ұсынған.
фото: pixabay.com
фото: pixabay.com

Үндістанның Гуджарат штатында ерлі-зайыптылар жаңа туған сәбиін тірідей жерлеп тастады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы, The Indian Express-ке сілтеме жасап. 

Осы оқиғаның ертесіне жаңа туған қыздың жерленген жерінен кездейсоқ өтіп бара жатқан адам тауып алған. Ол сәбиді жерден шығарып алуға дереу көршілерін көмекке шақырып, ауруханаға жеткізген. Дәрігерлер шақалақтың мерзімінен екі ай бұрын дүниеге келгенін айтқан. 

Емханада жаңа туған нәрестеге арналған ота бөлімі болмағандықтан, дәрігерлер оның ата-анасына жеке клиникаға баруды ұсынған.

Нәресте клиникаға барар жолда қимылсыз қалғандықтан, ата-анасы қызды "өлді" деп ойлап, жерлеуге келіскен.

Ата-анасы тірілей жерлеп тастаған сәби құтқарылғанымен, 30 сағаттан кейін жансақтау бөлімінде көз жұмды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары