Оқиғалар 27.05.2020 сағат 09:20

Елордалық әйел 9 жыл бұрын жоғалған ұлын тапты

Оның үйінен кетіп қалуына отбасылық кикілжің түрткі болған.
Елордалық әйел 9 жыл бұрын жоғалған ұлын тапты
фото: pixabay.com
Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Елордалық 9 жыл бұрын жоғалған ұлын тапты, деп хабарлайды ҚазАқпарат, облыстық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Ведомствоның мәліметінше, бұрынғы Қосшы ауылының тұрғыны Гүлдариға Нұрбаева 16 жастағы ұлы Мұратты соңғы рет 2011 жылы көрген. Сол жылы ол ұлының жоғалғанын полицияға айтып, көмек сұраған. Белгілі болғандай, жасөспірім бірнеше рет үйінен кетіп қалып жүрген. Оның жоғалғаны туралы алғаш рет 2011 жылдың 29 қыркүйегінде полицияға арыз түскен. Кейін тәртіп сақшылары жасөспірімді тапқан. Алайда, кейін арада бір ай өткен соң жасөспірім жеке заттарын жинап, үйінен тағы кетіп қалған. Содан бері одан еш хабар болмаған. 

«Мұхтарды іздеу үшін арнайы топ құрылып, көрші облыстар мен елорда аумағында іздестіру жұмысы жүргізілді. Қолға алынған шаралар нәтиже бермеді. Дегенмен, 2020 жылдың мамыр айында 9 жылдан кейін 25 жасқа келген Мұхтардың Түркістан облысы Түлкібас ауданындағы бір ауылда жүргені анықталды. Осы уақытқа дейін ол таныстарының үйінде болған және анасымен байланысқа шығудан бас тартты. Оның үйінен кетіп қалуына отбасылық кикілжің түрткі болған. Қазіргі кезде оның анасы Нұр-Сұлтан қаласында тұрады және ұлының табылғанына қуанышты», - дейді ведомстводан.

Оқи отырыңыз

загрузка...

Соңғы жаңалықтар

Аптасына бір рет ең танымал мақалалардың дайджесін жібереміз

Қызықты материалдар