$ 439.43  473.31  4.82

Алматыда қонақ үй өртеніп жатыр (ВИДЕО)

Желі қолданушылары оқиға орнынан видео тарата бастады.

 Алматыдада қонақ үй өртке оранды. Бұл туралы Baq.kz, ТЖД-ның баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлады.

Департамент таратқан мәліметте Жетісу көшесі 46/6 мекенжайында қонақ үйдің өртке оранғаны айтылады.

Алдын ала мәлімет бойынша, "3 қабатты қонақ үй кешенінің төбесінен түтін будақтай бастады, өрт сөндірушілер жіберілді", - делінген хабарламада.

Желі қолданушылары оқиға орнынан видео тарата бастады. Кадрдан кешеннің шатыры өртенгенін және сымдардан от ұшқындары шығып жатқанын көруге болады. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары