$ 494.87  520.65  4.91

85, 6 млн залал: ҰҚК Каспий теңізі аймағынан браконьерлерді ұстады

43 итбалық алынды.
фото: knb.gov.kz
фото: knb.gov.kz

ҰҚК Шекара қызметі 2020 жылғы 31 наурыздан бастап РФ ФҚҚ ШҚ-мен Каспий су айлағында браконьерлік әрекеттің жолын кесу және ресурстарды күзету бойынша жедел-алдын алу іс-шараларын жүзеге асырып келеді. Соның нәтижесінде, шекара кеңістігінде 98 құқық бұзушы, оның ішінде, 14 мемлекеттік шекара режимін және 71 аумақтық және ішкі су (теңіз) режимін бұзушы ұсталған. Бұл туралы Skifnews.kz ақпарат порталы, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

"65 жүзу құралы, 42 қозғалтқыш, 4 көлік құралы, браконьерлік аулау аспаптары: 236 шақырымнан астам ау және ілмегі бар арқан, 66 тұзақ, 55,1 мың ілгек және басқалар тәркіленді.

Браконьерлік заңсыз айналымнан 763 дана (3,8 мың кг) бекіре тұқымдас, 4947 дана (2,5 мың кг) ұсақ тұқымды балық, сондай-ақ 43 итбалық алынды.

Браконьерлер келтірген зиян 85,6 млн. теңгеге бағаланып отыр.

Шекара қызметінің іс-қимылы нәтижесінде табиғи тіршілік ортасына  3824 тірі балық (оның ішінде 695 бекіре тектес) және 43 итбалық жіберілді. 1,88 млн. теңге мөлшерінде айыппұл салынды", - делінген ҰҚК-нің ресми хабарламасында.

1 млрд. теңгеден артық мөлшердегі экологиялық залалға жол берілмеді.

Іс-шаралар жалғасуда.


 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары