$ 494.87  520.65  4.91

Түркістан облысында ірі жол апаты болды: қайтыс болғандар бар (ФОТО)

Қазіргі таңда жол-көлік оқиғасы болған жерде Жетісай аудандық полиция бөлімінің жедел-тергеу тобы жұмыс істеуде.

Түркістан облысында жол-көлік оқиғасы болып, төрт адам қаза тапты, деп хабарлайды Polisia.kz.

28 мамыр шамамен сағат 14:30-да Жетісай-Шардара автожолының 8 шақырымы Кетебай ауылының бойында “Нексия” және “Лада-Vesta” маркалы екі жеңіл автокөлік бетпе-бет соқтығысты.

Аталған жол-көлік оқиғасы салдарынан “Нексия” көлігінің жүргізушісі мен екі жолаушысы және “Лада-Vesta”көлігінің бір жолаушысы қаза тапты.

Қазіргі таңда жол-көлік оқиғасы болған жерде Жетісай аудандық полиция бөлімінің жедел-тергеу тобы жұмыс істеуде.

ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабы (жол қозғалысы немесе көлік құралдарын пайдалану ережелерін бұзу) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Полиция қызметкерлері оқиғаның толық мән-жайын анықтап жатыр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#жол апаты