$ 494.87  520.65  4.91

Ақсу қаласының тұрғыны кафеден 15 келі ет және кәуап пісіруге қажетті заттарды ұрлап кеткен

Күдікті 36 жастағы Ақсу қаласының жұмыссыз тұрғыны екен.
Фото:  Копилка кулинара
Фото: Копилка кулинара

Павлодар облысы Ақсу полиция бөлімінің полицейлері ет ұрлады деген күдікпен ер адамды ұстады, деп хабарлайды Polisia.kz.

Полицияға ет ұрлығы туралы арызбен мекеме директоры келді.

Ұры Ленин көшесіндегі кафедегі тыйым салынған бөлмеге заңсыз кіріп, 15 келі ет, үш комплект шампур және екі темір тор алып шыққан. Тәртіп сақшылары күдіктіні ізін суытпай ұстады.

Күдікті 36 жастағы Ақсу қаласының жұмыссыз тұрғыны екен. Ер адам өзінің әрекетін дәмді кәуап жегісі келгенімен түсіндірді. Енді оған заң алдында жауап беруге тура келеді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары