$ 494.87  520.65  4.91

Павлодарда психоневрологиялық орталықтың қызметкерлері «балаларды ұрып-соққан» деп айыпталуда (ВИДЕО)

Ол жаққа қоғамдық көлік бармайтын көрінеді.

Мүмкіндігі шектеулі балаларды тұрақты түрде ұрып-соғып, төсекке байлаған және кәмелетке толмаған науқастарға әлімжеттік көрсетті деген күдікпен психоневрологиялық орталықтың қызметкерлері айыпталуда. Бұл туралы Skifnews.kz ақпарат порталы, Евразия бірінші арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

Павлодар облысының прокуратурасы берген видеодан жағаұстатарлық кадрларды көруге болады. Тіпті, видеоны  жайбарақат қарау мүмкін емес. Телеарна дерегінше, прокуратура өкілдері видеоға қатысты тексеру жұмыстарын жүргізген. Психоневрологиялық орталықтың қызметкерлері мүмкіндігі шектеулі балаларға қараудың орнына оларды ұрып-соққан. Байлаулы жатқан балаларға өзге балалар көмектескен екен.

"Прокуратура жүргізген тексеріс бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 110-бабының 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Орталықтың төрт қызметкері 3,5 жылға бас бостандығынан шектелді, бір қылмыстық іс сотта қаралып жатыр. 13 қылмыстық іс сотқа дейінгі тергеуде", - деді облыстық прокуратура басқармасының басшысы Асхат Қоқымбаев.

Дерекөзіне сүйенсек, бұл мекеме Павлодардың шет аймағында, адам көп жүре бермейтін жерде орналасқан, тіпті, ол жаққа қоғамдық көлік бармайтын көрінеді. 

Енді кінәлілер сот алдында жауап беріп, жасаған әрекетіне сәйкес жауапкершілікке тартылмақ.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары