$ 494.87  520.65  4.91

Екінші рет үйленуді жоспарлаған азамат әйелін ерекше әдіспен өлтірді

"Тойда алған сыйлықтардан айырылып қаламын" деп қорқып, осындай қадамға барған.
фото: pixabay.com
фото: pixabay.com

 Үндістанның 27 жастағы кедей тұрғыны Сурадж ақпан айының аяғында әйелін ерекше әдіспен өлтіруді жоспарлауды. Ол үшін улы жылан сатып алған, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы, life.ru-ге сілтеме жасап. 

Фото: Twitter/IndiaToday

Ол әйелін жыланға шақтырып өлтіріп, соңында өзі басқа әйелге үйленгісі келген. Арам ойлы жігіт мақсатына жету үшін улы жылан сатып алып, жорғалаушыны 25 жастағы әйелінің бөлмесіне кіргізіп жіберген. Жыланды әйелді шағып алғанымен, ол тірі қалып, екі ай ауруханада емделеді. Сол кезде  полиция бұл жағдайды жазатайып оқиға деп танып, жігіт жазадан құтылып кетеді. Бірақ, ойына алғанын соңына дейін жеткізбей тынбайтын жігіт, әлгі әрекетін екінші рет тағы істейді. Бұл жолы, кобра сатып алып, өз бөлмесінде ұйықтап жатқан әйелінің бөлмесіне бас сұғады.

India Today-дың хабарлауынша, Сурадж жыланның жорғалап кетпей, құрбанын шағып алуын қадағалап, оны өз қолымен ұстап тұрыпты. Сол жолы оның арам ойы іске асып, әйел таңертең жансыз жатқан.

 Тағы оқи отырыңыз: Тотықұс қылмыстық іске қатысты сотта куәгер болды

Осы оқиғадан соң, әйел адамның өліміне Сурадж бірден күдікті деп танылды. Құқық қорғау органдарының қызметкерлері Сурадждың жыланды сатып алғанын және соңғы бірнеше айдан бері оларды қалай ұстау керектігін үйреніп жүргенін зерттеген.

Істі тексеру нәтижесінде, оның өз әйелін өлтіруге ақша себеп болғаны анықталды. Сурадж Утраға үйленген кезде оның ата-анасынан 100 алтын тиын, жаңа көлік пен 500 мың рупи қаржылай сыйлық алған. Кейінірек, ол әйелін тастап, басқа әйелге үйленгісі келген. Дегенмен, "тойда алған сыйлықтардан айырылып қаламын" деп қорқып, осындай қадамға барған.

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары