$ 448.56  478.03  4.79

Барселоналықтарды қомақты көлемде алдап кеткен қазақстандық ұсталды

Ол мемлекеттік қазынаға және қылмыстық топқа тиесілі ақшаны заңдастырғаны үшін айыпталған.
Фото: ашық дереккөз
Фото: ашық дереккөз

Барселонада ұлттық полиция 191 миллион еуродан астам алаяқтық жасағаны үшін іздеуде жүрген қазақстандықты ұстады. Бұл туралы policia.es сайтына сілтеме жасап, BAQ.KZ жазады.

Ол мемлекеттік қазынаға және қылмыстық топқа тиесілі ақшаны заңдастырғаны үшін айыпталған.

Оқиға 2014 және  2018 жылдар арасында болған. Алаяқ қылмыстық топ құрамында болып, түрлі компаниялар арқылы несие алып, салықтан босатып, басқа да материалдық пайда көріп, мемлекетті қомақты көлемде алдап кеткен.

Ұстап беру туралы халықаралық ордері оның тұрып жатқан елінде берілген. Қашқын екі компанияны корпоративті мақсатта және басқару органдарының қызметінде құрып, тіркеп пайдаланған. Оның жалғыз мақсаты несие алып, салықтан босатылу және басқа да материалдық пайда алу арқылы мемлекетті алдау болды. Осы компаниялардың әрқайсысына келтірген залал сәйкесінше 80 821 167 евро және 110 181 556 евроны құрады, бұл дегеніміз жалпы 191 002 723 еуроны құрайды, - делінген сайт жазбасында.

Ақырында, алаяқ өзі тұрған жерден табылып, Барселонадағы полиция бөлімшесінде тұтқындалды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары