Оқиғалар 30.05.2020 сағат 21:30

Алматыда жол апаты салдарынан көлік аударылып түсті (ВИДЕО)

Mercedes-те болған жүргізуші мен үш жолаушы және Hyundai жолаушысы. Алайда олар ауруханаға жатудан бас тартыпты.
Алматыда жол апаты салдарынан көлік аударылып түсті (ВИДЕО)
Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Алматыда жолда келе жатқан Hyundai Solaris көлігін озбақшы болған Mercedes Benz GLE аударылып кетті, деп хабарлайды Stan.kz

Оқиға түсірілген видео әлеуметтік желіде таралды. Жазба авторының сөзінше, Mercedes Benz GLE жүргізушісі Hyundai Solaris-ті озбақ болған, алайда көлік тізгініне ие бола алмай қалып, аударылып кеткен. Аударылған темір тұлпар  сүйретіліп барып, бірнеше метрден кейін бір-ақ тоқтапты.  

Жол апаты салдарынан бес адам зардап шеккен: Mercedes-те болған жүргізуші мен үш жолаушы және Hyundai жолаушысы. Алайда олар ауруханаға жатудан бас тартыпты. 

"Қазір аталған жайт бойынша әкімшілік іс қозғалды. Бұл жағдай Медеу ауданыны полицейлерінің бақылауында. Тиісті сараптамалар тағайындалды. Жапа шеккендер жоқ. Тергеу амалдары жалғасуда. Жол ережесі бұзғандықтан осындай ауыр жол апаты орын алып отыр", - деді Алматы қалалық ПД өкілі Салтанат Әзірбек. 

Оқи отырыңыз

загрузка...

Соңғы жаңалықтар

Аптасына бір рет ең танымал мақалалардың дайджесін жібереміз

Қызықты материалдар