$ 448.15  483.46  4.86

Елордада көпқабатты үйдің кіреберісінен ер адамның мәйіті табылды

Оның атына тіркелген "САЙГА-М2" маркалы аңшы мылтығы болған.

Нұр-Сұлтандағы көпқабатты үйдің кіреберісінен ер адамның мәйіті табылды, деп хабарлайды Polisia.kz 

26 мамыр күні "102" пультіне тұрғын үйдің кіреберісіндегі баспалдақта жатқан ер адамның денесі табылғаны туралы хабарлама түскен. Оқиға болған жерді қарап, тексеру барысында сол үйдің 47 жастағы тұрғыны аңшы мылтығынан өз-өзіне оқ атқаны анықталған.

"Ер адамның мобильдік телефонын тексеру кезінде, оның көз жұмар алдында жазған хабарламасы табылды. Қаза болған азаматтың  2019 жылдан бері ажырасып кеткені және соңғы кездеі жалғыз тұрғаны белгілі болды. "САЙГА-М2" маркалы аңшы мылтығы марқұмның атына тіркелген", - делінген елордалық полицейлердің мәлімдемесінде.

 Қазір қылмыстық іске қатысты тиісті сараптама тағайындалып, тергеу жұмыстары жүргізулуде.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#ер адам #мәйіт