$ 447.4  477.55  4.76

Шымкентте әйел өзін қонаққа шақырып, зорлаған ер адамның үстінен шағымданды

Шымкент қаласында ер азамат 37 жастағы әйелді үйіне қонаққа шақырып, мастықпен ұрып-соғып, зорлаған.
Фото: Polisia.kz
Фото: Polisia.kz

Шымкентте полиция департаментінің басшысы Ералы Жұмаханбетов зорланған әйелдің ісін өз бақылауына алып, жәбірленушіні қабылдады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат парталы Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

23 мамырға қараған түні Шымкент қаласында ер азамат 37 жастағы әйелді үйіне қонаққа шақырып, мастықпен ұрып-соғып, зорлаған. Артыншла әйелдің өзі полицияға жүгініп, жәбірленушінің сіңлісі әпкесінің жағдайын айтып, белгілі құқық қорғаушы Дина Тансаридің көмегіне сүйенген.  Жәбірленуші бұл жағдайда полиция өзін қорғап қалатынына үміттенетінін айтады.

"Жәбірленуші әйелді 25 мамыр күні таңертеңгі сағат 11-де өзім жеке қабылдадым. Сол кезде өзіне де әйелді зорлаған кез келген адам заң алдында тиісті жазасын алатынын айттым. Түптеп келгенде, бұл біздің – ол әйелдің алдындағы, оның отбасы алдындағы, жалпы азаматтар алдындағы борышымыз. Әйелге жасалған зорлық түбі – қатаң жазаға әкеп соғатынын әр адам түсінуі керек. Мысалы, ол біреудің анасы, қызы, апасы, я болмаса құрбысы боп келеді. Әйел зорлаған адам заң алдында тиісті жазасын алады", – деді Шымкент қаласы ПД басшысы Ералы Жұмаханбетов.

Қазір осы қылмысқа қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 120-бабы 1-бөлігі (зорлау) бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстары басталды. Күдікті полицияға жеткізілді. Тергеу кезінде оның өз үйінде ішімдік ішіп, жәбірленушіні ұрып-соғып, артынша зорлағаны да белгілі болды. Мамандармен тиісті сараптамалар жасалып жатыр, оның қорытындысы бойынша процессуалдық шешім қабылданады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары