$ 443.85  474.3  4.8

Ата-анасы қараусыз қалдырған баланың мәйіті арықтан табылды

Бұл оқиға Жалағаш ауданына қарасты Жаңаталап ауылында болды.
Фото: inform.kz
Фото: inform.kz

Қызылорда облысында бір жастағы қыз бала арықтағы суға құлап қаза болды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат парталы ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Бұл оқиға Жалағаш ауданына қарасты Жаңаталап ауылында болды. «Оқыс оқиға туралы хабарлама облыстық диспетчерлік жедел басқару басқармасына келіп түсті. 2019 жылғы қыз бала ауыл ішіндегі арықтағы суға құлап, қаза болды. Оны ата-анасы қараусыз қалдырған. Баланың мәйітін судан жергілікті тұрғындар шығарған», - деп мәлім етті Қызылорда облыстық Төтенше жағдайлар департаменті Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің баспасөз хатшысы Әлия Ережепова.

Өңірде жыл басынан бері 8 адам суға кеткен. Олардың 4-еуі бала болса, қалғаны - ересек азаматтар. Бұдан бұрын Қызылордада каналға суға батып кеткен баланың мәйіті табылған еді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#суға кету