$ 498.34  519.72  4.85

«Келінімнің жазғанын растаймын»: блок-бекетте қаза тапқан сақшының анасы Президенттен көмек сұрады

Еске сала кетсек, бұған дейін Дастан Әбдіқановтың әкесі келінінің жазбаларын өзінікі емес деп мәлімдеген болатын. Ал анасы болса, оның тілшілерге келінімен сөйлеспей тұрып сұхбат бергенін айтып отыр.

Алматы блок-бекетіндегі көлік апатынан қаза тапқан жас полицейдің анасы Instagram әлеуметтік желісі арқылы Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтан көмек сұрады. Ол осыған дейінгі келінінің жазбаларын растап, кінәлілерді жазалауды өтінген, деп жазады Skifnews.kz ақпарат порталы.

«Мен қызмет бабында қаза тапқан Абдықанов Дастанның анасымын. Дастан 26 жасында Отаны алдында адал қызмет етіп жүріп, кісі қолынан қаза тапты. Әлеуметтік желіден келінім Динара күйеуінің өліміне кінәлі Азат Азаматовтың суретін көргенде, оны бірден таныған. Себебі, ол күйеуі жұмыста болған уақытта үнемі сөйлесіп отырған, оның кіммен бірге сменге түсетінін жақсы білген.

Қылмыскердің полицияда әлі де жұмыс істейтінін, желіде жалған ақпарат таралып жатқандығын, «тек шындықты айтыңыздар» деп жазғанын растаймын», - дейді қайғыдан қан жұтқан ана.

Еске сала кетсек, бұған дейін Дастан Әбдіқановтың әкесі келінінің жазбаларын өзінікі емес деп мәлімдеген болатын. Ал анасы болса, оның тілшілерге келінімен сөйлеспей тұрып сұхбат бергенін айтып отыр.

«Өз ойымен «келінім ешқандай жазба қалдырған жоқ» деп сұқбат берген. Шындығында ол келінінің жазбасы туралы білмеген. Біздің бір-бірімізбен әңгімелесіп, желі қарап, сөз талқылауға жағдаймыз болған жоқ.

Мен ұлымның абыройына нұқсан келмеуін және қылмыскердің әділ, заң талаптарына сай, қатаң жазалануын сұраймын. Бұл аса қайғылы істің ақ-қарасын анықтап, қанышер қылмыскердің әділ жазасын алуын талап етемін. Мен ешкімге сенбеймін.

Құрметті Президент Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев мырза, осы іс тікелей өз бақылауыңызда болып, қылмыскер әділ жазасын алады деп сенемін» деп аяқтаған жазбасын марқұмның анасы.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары