$ 494.87  520.65  4.91

Карантиннен кейін алғаш рет жолға шыққан автобус жүк көлігімен соқтығысты

Қазіргі мәлімет бойынша, апат салдарынан Нұр-Сұлтан-Қосшы бағытындағы №303 бағдарлы автобуста оннан астам адам зардап шеккен.
фото: aikyn.kz
фото: aikyn.kz

Нұр-Сұлтанның іргесіндегі Қосшы елді мекенінде жолаушылар автобусы мен КамАЗ жүк көлігі соқтығысты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы, STC компаниясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Бүгін сағат 14:05-те «Лесная поляна» тұрғын үй алабы маңындағы Қарқаралы тас жолы мен Республика көшесінің қиылысындағы бағдаршамның істен шығуы салдарынан №303 бағдарындағы автобус пен «КамАЗ» автокөлігі соқтығысты. Жол-көлік оқиғасы кезінде автобус ішінде 25-ке жуық жолаушы болды», – деді дүйсенбідегі мәлімдемесінде компания өкілі.

Ресми мәліметте автобус жүргізушісі сағатына 17 шақырым жылдамдықпен қосалқы көшеден шығып, КамАЗ жүк көлігімен қақтығысқан.

Қазіргі мәлімет бойынша, апат салдарынан Нұр-Сұлтан-Қосшы бағытындағы №303 бағдарлы автобуста оннан астам адам зардап шеккен.

«Жол-көлік оқиғасы салдарынан автобустың сол және алдыңғы жағы зақымдалды. Жүргізуші зардап шеккен жоқ. Оның қоғамдық көліктегі тәжірибесі – 25 жыл. Рейс алдындағы медициналық тексеруден сағат 05:00-де өткен. 2019 жылы біліктілікті жоғарылату орталығында оқыған» делінген ресми ақпаратта.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары