$ 494.87  520.65  4.91

«Неге басшылық ауырмайды?»: Теңіздегі жұмысшылар тағы да жанжал шығарды (ВИДЕО)

Анализ алғалы 20 күн өтті, әлі нәтижесі жоқ.

Әлеуметтік желіде Теңіздегі вахталық жұмыста істейтіндердің наразылық білдіргені туралы видео тарап кетті. Кадрлардан байқасаңыз жұмысшылар тобы "Теңізшевройл" басшылығымен тілдесіп, тезірек үйлеріне жіберуді талап етіп отыр, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы, ATPress-ке сілтеме жасап. 

Олар: "Біз шаршадық, қанша күтуге болады? Үш айдан бері түрмеде отырған секілдіміз, ал үй, отбасы, бала-шаға ше...

Анализ алғалы 20 күн өтті, әлі нәтижесі жоқ. Неге басшылық ауырмайды, неге біз жұмысшылар ғана ауырамыз?", - деп наразылықтарын білдірген. Олардың осы сөздерін видеодан естуге болады. 

Үйлеріне жіберуді талап еткен жұмысшылар вахталық елді мекенде 30 шақты адам карантин уақыты ұзаққа созылып кеткенініне наразылық білдірген. Тіпті олардың арасында бірі тамақтан бас тартатынын айтты. 

Осы орайда, жұмысшылардың наразылығына байланысты өңірлік шұғыл штаб түсініктеме берді. Олардың мәліметінше, жанжал 30 мамыр күні болған. Вахталық елді мекенде екі компанияның қызметкерлері тұрады. 

"30-ға жуық адам созылып кеткен карантинге байланысты наразылық білдірді. Олардың бәрі коронавирус жұқтырған адаммен байланыста болғандар тест тапсырды. Олар оқшаулау жағдайында 14 күн болды, себебі олардан қайтадан тест алу керек еді. Екінші сынаманың нәтижесі кешіктірілді, бірақ, оның қорытындысы бүгін белгілі болуы керек", - делінген шүғыл штабтың мәлімдемесінде.

Естеріңізде болса, Атыраудағы "Теңіз" кен орнында және Қарағанды облысындағы "Нұрқазғанда" қызметкерлер жаппай Covid жұқтырғаны туралы ақпарат тараған болатын. Ал 31 мамырда Атырау облысында коронавирус жұқтырудың 69 жағдайы тіркелген еді, оның ішінде, 54-і  Теңіз кен орнының жұмысшылары.


 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары